Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
IBF: Головкин тез арада Деревянченкомен жекпе-жекке шықсын
IBF Головкинге ультиматум қойды.
13:42 28.04.2018
Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өтінішіне жауап берді.
Еске сала кетсек, Леффлер IBF ұйымы қазақстандық боксшыдан әлем чемпионы атағын алып алмаса екен деген мазмұнда өтініш білдірген.
«Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде IBF санкция жасамайтын IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс.»
«Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде IBF санкция жасамайтын IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс.
IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады. Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF президенті Дэрил Пиплс.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) кездесуі биылғы 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram