{metadescription}
Екі жастағы бала шұңқырға құлап қаза тапты

Екі жастағы бала шұңқырға құлап қаза тапты

Алматы облысында екі жасар бала қазылған орға құлап жан тапсырған.

Қайғылы оқиға кеше сағат 17:00-дер шамасында Жамбыл ауданының Ынтымақ ауылында болған.

«Жеке үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған бала қазылған орға абайсызда құлап кетіп, қаза тапты. Бала 2016 жылы туған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, кеше Шығыс Қазақстан облысын Зайсан қаласында төтенше жағдай болды. Қатты отын жағатын жылу пешінің ақауынан 1959 және 1960 жылы туған екі тұрғынға иіс тиген және ауруханаға жеткізілген.

Дерексөз: inform.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде