Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
20 жастағы қыз жігітінің көлігін рұқсатсыз айдап, апатқа ұшырады
Алматы облысында 20 жастағы қыз таныс жігіттің «Мерседес» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, апатқа ұшырады.
09:10 15.05.2018
Ал көліктің ұрланғандығы жөнінде шағымды полицейлерге Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының жергілікті тұрғыны түсірген.
7 мамырда түскен арыздан кейін жас қыз күдікке ілінген.
Көлігі ұрланған жігіт бойжеткенмен жақында танысқан болып шықты.
Тәртіп сақшылар көп ұзамай жоғалған көліктің жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады.
«Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде күдікті Алматы қаласынан ұсталды. Ол сол қалада жасырынып жатқан. Көлік ұрлығынына байланысты сот алды тергеу жұмыстары басталды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыстың полицейлері жоғалған 70-тен аса көлікті иесіне қайтарған.
Дереккөз:ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram