{metadescription}
ВИДЕО: Аптап ыстықтан өлген адамдардың денесі мәйітханаға сыймай барады

ВИДЕО: Аптап ыстықтан өлген адамдардың денесі мәйітханаға сыймай барады

Пәкістанның Карачи қаласындағы моргте мәйіт саны көбейіп барады. Аптап ыстықтан 65 мұсылман қайтыс болды.

Бұл Пәкістанның оңтүстігіндегі ыстықтың салдары дейді жергілікті дәрігерлер. Карачи қаласының шетіндегі моргте ондаған адамның мәйіті жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ыстық станоктардың жанында сағаттап тұратын тоқыма фабрикасының жұмысшылары қайтыс болуда. 

Фаисал Эдхи, EDHI FOUNDATIONS басшысы:

-  Соңғы үш күнде 160 мәйіт жеткізілді. Оның 65-сі ыстықтан өлген. Олардың туыстары мұндай диагнозды жергілікті медиктердің қойғанын айтып отыр. 

Карачидегі сынап бағанасы 44 градусқа көтерілген. Сонымен бірге мұсылмандардың Рамазан айында ораза ұстап жүргендер қиналуда. Қайтыс болғандардың басым көпшілігі тұрмысы нашар отбасынан. 

Жергілікті дәрігерлер бұл жорамалмен келіспей отыр. Синд провинциясы денсаулық сақтау мәселесі бойынша хатшысы Dawn басылымына Edhi Foundation-ге жеткізілген мәйіттер күн тиіп өлген жоқ деді. Сондай-ақ ол 2015 жылғы аптап ыстықтан 1300 адамның қайтыс болғанын еске салып, сондай апатты болдырмауды сұрады. Сол кезде моргте орын қалмай, мәйіттер шыжыған ыстықта далада жатып қалған. 

Синоптиктердің болжамынша, бейсенбіге дейін Пәкістанның ірі қаласында сынап бағанасы 40-тан түспейді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде