Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да қызы анасын тонап, күйеуін өлтірген
Өскеменнің тұрғыны туған анасына қоқан-лоқы көрсетіп, алтын сырғасын күшпен тартып алып кеткен.
08:39 24.05.2018
Анасының сырғасын ломбардқа салып, алған ішімдігін ол өзімен тұрып жатқан ер адаммен бірге ішеді. Араққа сылқия тойып алған ер адам әйелге ұялы телефонымды ұрладың деп айыптап, тәртіпке салмақ болған.
Мойындату үшін ұрып-соға бастайды. Өзің қорғамақ болған әйел жәбірлеушінің жүрегіне пышақ сұғып алады. Алған жарақтатан ер адам сол жерде жан тапсырды.
Сотта оның ісі екі бап бойынша қаралды – тонау және қажетті қорғану шегінен асып, кісі өлтіру. Ол сот шешімімен кінәлі деп табылып, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде бір жыл бас бостандығынан айыру және нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдеу жазасы тағайындалды.
400 мыңға жуық барлық процессуалды шығындар мемлекеттің есебіне алынды.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram