{metadescription}
«Жас қанат-2018» байқауының жеңімпазы анықталды

«Жас қанат-2018» байқауының жеңімпазы анықталды

Астанада «Жас қанат - 2018» жас әншілер байқауы мәресіне жетті. 

«Алтын қанаттың» иегері атануға 5 мәрегер түсті;: Бақтияр Ақылбек - Астана, Замира Сағадиева - Астана, Сымбат Сейілханова - Алматы, Риза Мағзом - Орал, Арманай Әбдімомынова - Қарағанды.

Конкурстың ережесі бойынша финалда алдыңғы екі күндегі жетістіктер есептелмейді, конкурсқа қатысушылар толық құраммен «Жас қанат» дәстүрлі әнұранын орындауға шықты. Ал үздік бес орындаушы көрермендер мен қазылар алқасының махаббаты мен сүйіспеншілігіне ие болуы тиіс. Байқауда «қола қанатты» қарағандылық Арманай Әбдімомынова жеңіп алды. Оралдық Риза Мағзом «Жас қанат-2018» XXVII жас орындаушылар конкурсының диломанты атанды. «Күміс қанатты» ең жас қатысушы Замира Сағадиева жеңіп алды. Алматылық Сымбат Сейілханова екінші дипломант болды. «Жас қанаттың» «алтын қанаты» мен бірінші сыйлықты Бақтияр Ақылбек жеңіп алып, конкурстың жеңімпазы атанды.

Қатысушыларға «Жас қанаттың» жұлдызды түлегі Димаш Құдайберген Қытайдан видеосәлем жолдап, шығармашылық өмірлеріндегі үлкен жеңісімен құттықтады. 


 

 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.