Оқушыларды ұрып-соққан шымкенттік мұғалім туралы жаңа мәлімет
Шымкентте бір топ оқушыны мас халде ұрып соққан мұғалімнің ісі бойынша медициналық сараптама жұмыстары дайын болды.
14:39 08.06.2018
Наркологиялық орталықта тексеруден өткен оқытушының сол күні алкогольді ішімдік ішкені расталмады. Бұл туралы айыпталушы тараптың өзі мәлімдеді.
Нақтырақ айтқанда, баламды ұрып-соқты деп арыз жазған ата-аналар қаладағы №83 мектеп директорының орынбасары Байұзақ Жандаровты кінәлап, жауапқа тартуды талап еткен болатын. Алайда тәрбие ісі жөніндегі орынбасар бұл айыппен келіспей отыр.
Байұзақ Жандаров: «Ата-аналар балаларын ұрып — соқты, сондай-ақ, шегіп алған күйінде балаларымды ұрды деп айыптаған болатын. Бұл сөздері расталмады. Мұны растайтын құжаттар бар. Медициналық сараптамадан өттім. Наркологиялық орталықта қан тапсырдым. Қорытындыға сәйкес, мені ішімдік ішкенім расталмады.»,- деді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!