ГУЛАГ тарихының музейі: Ресейде қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мәліметтер құртылып жатыр
ГУЛАГ тарихының музейі: Ресейде қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мәліметтер құртылып жатыр.
17:57 11.06.2018
Тарихшылар мен мұрағатшылар қатты алаңдаулы. ГУЛАГ тарихы музейінің деректері бойынша, КСРО кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мәліметтер құпия бұйрықтың негізінде көзі жойылуда.
Бұл жерде сөз болып отырғаны: архивтағы карточкалар. Жеке іс құртылса, ол негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Роман Романов, ГУЛАГ тарихы музейінің директоры:
- Ол - карточкалар. Онда адамның туған жылы, қай жерде туғаны, өмірбаянынан басты мағлұматтар бар. Және де қамауға алынғаны туралы мәліметтер: қай лагерьде, қандай лагерьге ауыстырылғаны және қашан бостандыққа шыққаны туралы.
Зерттеуші Сергей Прудовский қамауға алынған Федор Чазов туралы ақпарат іздегенде Мағадан облысы бойынша ІІМ Чазовтың карточкасы жойылып кеткен деп жауап берген. Полиция 2014 жылғы ведомствоаралық бұйрыққа сілтеме жасаған. Онда карточкалар тұтқынның 80 жасына дейін ғана сақталады деп жазылыпты.
Роман Романов, ГУЛАГ тарихы музейінің директоры:
- Жұрт өздерінің әке-шешесі, ата-әжесінің тағдырын білгісі келеді. Егер адам анықтама жойылған, басқа дерек жоқ деген ақпарат алса, бір жағынан, бұл жеке қайғы-қасірет, екінші жағынан - орасан зор деректі жоғалтып алу. Бұл жетіспейтін блок. Оларды ұмытуға, көзін жоюға қақымыз жоқ.
Өткен жұмада Романов Адам құқығы бойынға кеңеске бұл жағдайды шешуге өтініш жасады. Тап сол күні ІІМ архивтағы карточкалар өмір бойы сақталады және олар жоғалып кетсе, әрқайсысының жоғалу себебін жекелеп қарау керектігін айтты.
Дереккөз: Reuters.com
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!