Дәрігерлер "өзге ғаламдық" жігітке диагноз қоя алмай отыр
ФОТО: Дәрігерлер

ФОТО: Дәрігерлер "өзге ғаламдық" жігітке диагноз қоя алмай отыр

Үнді елінің дәрігерлері түрі "өзге ғаламдық" 21 жасар науқас жігітке диагноз қоя алмай отыр. 

Жарық дүниеге келбеті өзгеше болып келген бала есейген сайын ауру бола бастаған.

21-жасар Аншу Кумар (Үнді елі)  қазір жүруден қалып барады. Оны көргендер көшеде мазақ қылып, балалар түрінен шошып, тіпті "өзге ғаламдық" деп ат қойып тастаған. Ал жігітте қандай ауру барын дәрігерлер білмей дал болып отыр. Ол басы деформацияланып туыпты. Уақыт өте келе оның жағдайы нашарлай берген. 

Аншу дәрігерлерден үмітін үзбей отыр. Бірақ жергілікті ақ халаттылар оған диагноз қоя алмай, соның салдарынан қалай емдерін білмейді. Кумардың ақылы клиниканы қалтасы көтермейді. Жігіт ай сайын 4,5 мыңи рупийді әрең табады. Сондықтан ол үкіметке үміт артуда. Оның арманы - жазылып, шаңырақ құру. Әзірге ол түріне бола ешкім жақсы көрмейді деп ойлайды.

Шетелдің мамандары Якобсен синдромы – өте сирек кездесетін туғаннан болатын жазылмайтын аурудың түрі деп болжайды.  Аталмыш аурудың кейбір белгісін ота жасағанда анықтауға болады екен. Бірақ түрін дұрыстап, денсаулығын қалпына келтіру мүмкін емес көрінеді.  


Фото: fishki.net

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.