{metadescription}
Петропавлда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Петропавлда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Петропавлда екі күн бойы іздестірілген 6 жасар Андрей Дорошенконың денесі табылды.

Департаменттен хабарлағандай, бала 2 шілде күні Т. Мұхамедрахмов көшесіндегі үйдің ауласынан жоғалып кеткен.

«Баланың қайда екенін анықтау үшін жедел-іздестіру тобы құрылды. Ол топтың құрамына полиция қызметкерлері, әскери жәен ТЖ қызметшілері енген еді. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды. Айта кетерлігі, ол бала бұдан бұрын да үйінен шығып кетіп жүрген», - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүгін бала тұрған аумақтан алыс емес жерде - Есіл өзенінің жағасында баланың өлі денесі табылған. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде