{metadescription}
ВИДЕО: Рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші адамдарды басып кетті

ВИДЕО: Рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші адамдарды басып кетті

Сочиде көлік жүргізіп келе жатқан ер адам бірнеше адамды басып кетті.

Сочиде, Дагомыс елді мекенінде рөлде ұйықтап кеткен жеңіл көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, артынша жаяужолдағы адамдарды қағып кетті.

Бейнебақылау камерасында жазылып қалғандай Nissan көлігінің қарсы жолға шығып кеткенін көруге болады.

Ресей ІІМ  Краснодар өлкесі бойынша бас басқармасы жас жігіттің рөлде ұйықтап кетуі жол-көлік оқиғасына себеп болғанын растады.  

Апат салдарынан 63 жастағы ер адам сол жерде жан тапсырды. Қалған үш зардап шегуші аурханаға жеткізілген.  

Сондай-ақ полиция жол апаты болған сәтте кінәлі жүргізушінің автокөлігінде қыз бен кішкентай бала болғанын мәлімдеді. Жүргізуші де, оның жолаушылары да зардап шеккен жоқ.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.