{metadescription}
ФОТО: СҚО-да жолаушылар автобусы өртеніп кетті

ФОТО: СҚО-да жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қозғалтқыштан өрт шығып, автобустың іші жана бастаған.

Солтүстік Қазақстан облысында 20 жолаушы мінген атвобустан өрт шықты. Автобус толығымен жанып кетті, құрбандар жоқ, деп мәлімет берді ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі.

"Сенбі күні 11.13-те "Кокшетау — Рузаевка"  жолында КАВЗ "Аврора" автобусының қозғалтқышынан өрт шығып, көліктің салонына ұласты. Автобус Дружба ауылынан Көкшетауға бара жатқан еді. Өрт 12.33-те ауыздықталып, 13.28-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", — деп мәлімет берді құтқарушылар.

Барлық жолаушы көліктен өздері шығып, жолай көлікпен межелеген жерлеріне аттанып кеткен.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде