{metadescription}
Алматыда көлік бірнеше рет аударылып апатқа ұшырады

Алматыда көлік бірнеше рет аударылып апатқа ұшырады

Алматыда жүргізуші көлігін басқара алмай, жол бойындағы қоршауларға соғылып, бірнеше рет аударылған.

Жол көлік оқиғасы Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Шығыс бағытта кетіп бара жатқан Renault Sandero жүргізушіге бағынбай жол ортасындағы бірнеше қоршауды қиратқан.

Көлікте төрт жолаушы болған. Қоршауға соғылған соң көлік бірнеше рет аударылып барып, төбесімен төңкеріліп қалады.

Апат кезінде тек жүргізуші зардап шеккен. Жедел жәрдем қызметкерлері оның жарақатын тексеріп, басын таңып берген. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде