{metadescription}
Жерге алып астероид жақындап келеді

Жерге алып астероид жақындап келеді

NASA Жерге диаметрі Хеопс пирамидасынан асып түсетін алып астероидтің жақындап келе жатқанын мәлімдеді.

Агенттік 2016 NF23 астероидін «әлеуетті қауіпті» деп бағалап отыр. Себебі, ол Жерге 0,05 астрономиялық бірліктен (7,5 миллион километр) аз қашықтықта ұшып өтеді. NASA бағалауы бойынша, астероид өлшемі диметрі бойынша 70-тен 160 метрге дейінгі көлемде.

Ғалымдардың ақпаратына сәйкес, астероид секундына тоғыз километр жылдамдықпен ұшып келе жатыр және 29 тамызда жершарына мейлінше жақын қашықтықта болады.

Бұған дейін NASA алдағы жүз жылда Жердің қандай да бір белгілі астероидтармен соқтығысу ықтималдылығы нөлге тең екенін мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде