{metadescription}
Қарағандылық шенеунік адамдарды кіргізбей кабинетін құлыптап алған

Қарағандылық шенеунік адамдарды кіргізбей кабинетін құлыптап алған

Шенеунік келушілерді қабылдау кезінде кабинетінде қамалып, есігін ашпай қойған.

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік тергеу жүргізді. 

Қызметтік тергеу барысында 2018 жылдың 9 ақпанында екі кәсіпкердің Т. Нүркеновтің қабылдауына кіре алмағандары белгілі болды. Басқарма хатшысы қонақтар қабылдау бөлмесіне келген сәтте оларға қатысты шара қолдану мақсатында полиция қызметкерлерін шақырған. Ал қабылдау бөлмесінде күткен кезде Нүркеновтің есігі ішінен жабылып тұрған. Бұл жағдай басшыға келгендердің наразылығын тудырды.

Кәсіпкерлер болған оқиға жайында әлеуметтік желілерге жазып, шенеуніктің әрекетіне Департаментке шағымданған. Тексеріс барысында Т. Нүркенов аталмыш азаматтар арнайы қабылдау күні келмегендерін және дәл сол сәтте шұғыл тапсырма орындап отырғандықтан ішке кіргізе алмағанын айтты.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікке қатысты ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануға шешім қабылдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде