Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейдегі ет консервілеу комбинаты өртенді
Жалын 180 шаршы метр ауданды шарпыған .
13:34 07.10.2018
Семей ет консервілеу комбинатының аумағында өртке оранған ғимараттан 50 литрлік газ баллоны және 3 ацетилен баллоны дер кезінде сыртқа шығарылды. Жұмыс аптасының соңында Семей қаласының «101» қызметінің пультіне Краснознаменная көшесінде өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті.
Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер Семей ет консервілеу комбинатының аумағында оқшау тұрған, қазір пайдаланылмайтын 5 қабатты ғимаратта (бұрынғы тоңазытқыш цех) қабаттардың арасындағы ағаш құрылымдар, бөлмелердің арасындағы қабырғалар өртеніп жатқанын анықтады.
Оқиға орнында жедел штаб және екі шұғыл учаске жасақталды. Тілсіз жаумен күрес кезінде өрт сөндірушілер ғимараттың ішінен 50 литрлік газ баллоны мен 3 ацетил баллонын дер кезінде сыртқы шығарып үлгерді.. Өртті сөндіруге 58 адам және 9 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиғаға өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram