{metadescription}
ФОТО: Алматыда ірі жол апатынан 5 адам зардап шекті

ФОТО: Алматыда ірі жол апатынан 5 адам зардап шекті

Алматының А.Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған жол апатынан 5 адам зардап шекті.

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша BMW көлігі Төле би көшесінің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл көшемен Nexia көлігі шығысқа жол тартқан. Дәл осы уақытта тыйым салынған бағдаршамның қызыл шамына қарамастан А.Байтұрсынов көшесін Hyundai көлігі кесіп өтеді. Осы тұста 3 көлік соқтығысып, араларындағы BMW жолдың жиегіне ұшып кетеді.

Жол апаты салдарынан 5 адам жапа шекті. Оның ішінде Huyndai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары бар. Жарақат алғандар Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде