{metadescription}
Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қомақты қаржы ұрлағаны үшін ұсталды

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қомақты қаржы ұрлағаны үшін ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюро Өзбекстандағы Қазақстанның елшісі бюджетке тиесілі қомақты қаржыны өз қалтасына басқанын анықтады.

Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісін әшкереледі. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деп күдіктелуде», - деді Бастарова Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, аталмыш азамат өзінің жоғары лауазымын пайдалана отырып, Өзбекстанда Қазақстан елшілігінің ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған істер бойынша жалған актіге қол қойған. Ресми өкілдің мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде