Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қараша-желтоқсанда Таиландқа виза тегін болмақ
Таиланд үкіметі 21 елдің азаматтарына, оның ішінде қазақстандықтарға екі ай бойы визаны тегін беруді жоспарлап отыр.
Фото: denisphuket.ru
18:00 18.10.2018
Бұл туралы Stan.kz Bangkok Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында 21 елдің барлық туристері, оның ішінде қазақстандықтар Таиландқа келу кезінде виза үшін ақы төлемейтін болады. Бұл шара соңғы уақытта туристер патшалыққа аз келетін болғандықтан, шетелдіктерді елге тарту үшін жасалып отыр.
Үкімет пен осы бастаманың авторы, яғни премьер-министрдің орынбасары Сомкид Джатуприпитак осылайша туристердің саны 40 миллионға жуық адамға көбейеді деп үміттенеді. Қытайдың өзінен Таиландқа баратын туристердің саны 12 миллион болады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Таиландқа бару кезінде алатын виза құны 2000 бат, немесе 22 000 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram