Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды
Алматыда 6 ақпан күні жоғалып кеткен 24 жастағы Әлихан Қапановтың денесі табылды.
10:53 11.02.2019
24 жастағы Әлихан Қапанов 6 ақпан күні із-түссіз кеткен болатын. Оның денесі табылғандығын Алматы қалалық полиция департаменті растады. Алматы Полиция департаментінде хабарлағандай, марқұмның денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмаған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам үсіп қайтыс болған.
Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде қаза болған жігіттің 6 ақпан күні сағат 16:30-дар шамасында үйден шығып кеткендігі туралы туыстары мен достары айтып, іздеу жариялаған болатын. Туыстарының айтуынша, Әлихан дәл уақытында үйге келетін және кешігіп жатса әрқашан ата-анасын ескертіп отыратын болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram