{metadescription}
0:000:00

Жастық шағыңды босқа өткізбе - Елбасы кеңес берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды.

«Бүгінде біздің жастар бүкіл әлеммен араласады. Жолдар ашық, шекара ашық. Қалаған жерінде оқып, қалаған жерінде тұрады. Айналасына қарап, оларда қалай, бізде қалай екенін көреді. Сондықтан, бәрінен бұрын, жастар негізгі білім алуға тырысу керек. Жастық пен мүмкіншіліктерді қайдағы жоқ түрлі көңіл көтеруге жұмсамағаны жөн, олар содан кейін де келеді.», – дейді Елбасы.

Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді.

Біріншіден, «жастар білімді болуы керек, себебі бәсекелестік тек мемлекеттер арасында емес, әр адамның арасында болады. Бұл бәсекелестікте кім білімді болса сол жеңіске жетеді», - дейді елбасы.

Екіншіден, жастар оқудан кейін қайда жұмысқа орналасса да кез келген жұмыста өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиістігін баса айтады.

«Үшіншіден, өмірде табысқа қол жеткізу үшін денсаулық қажет. Өз денсаулығыңды сақтап, шұғылданып, денсаулыққа зиян келтіретін дүниелермен айналыспау қажет. Төртіншіден, менің ойымша, Отаныңды, өз еліңді сүйіп, патриот болу керек. Ел ішінде, сыртында болсаң да, оған қызмет ету қажет», – дейді Назарбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде