Енді теңгедегі мәтін тек қазақ тілінде жазылады
Қазақстан теңгесі банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады.
17:52 22.02.2019
Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады.
«Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі», - делінген Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасының 2- тарауында.
Сонымен қатар онда инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол берілетіні атап өтілген. Айта кетейік, бұған дейін банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылатыны заңды күшінде болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!