{metadescription}
Қазақстандық журналисті өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Қазақстандық журналисті өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот үкімі шықты.

"Сот Гусейнов Анатолий Михайлұлын қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру") қылмыс жасады деп танып, қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 11 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп айтты судья Вероника Семенова.

Бұдан бөлек, Александр Гусейнов марқұмның артында қалған 4 баласы, анасы мен ағасына 6 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында 37 жастағы  журналист Ирина Бекетованы үйінің кіреберісінде  бөгде біреумен сөйлесіп тұрғанын көрген  Гусеинов қызғаныштан ұрып өлтірген.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина Бекетова Nur.kz порталының Астана қаласындағы тілшісі қызметін атқарған.

 

 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде