Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.
10:42 17.06.2019
"Саяси мақсатым - жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі", - деді Қазақстан Президенті Euronews-ке берген сұхбатында.
Қазақстан президентінің сөзінше, елімізде санкцияланған митингілерді өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады.
"Әрине, заңсыз болғанның бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі осындай митингілердің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті, себебі олар оған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі жасайды. Сондықтан, жаңа заң қабылданады, енді демонстрацияға шығып, өз пікірін білдіргісі келген халық тиісті органға жүгінеді, оларға өз пікірін білдіру үшін арнайы жер беріледі", - деді Президент.
Еске салайық, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдіріп, адамдардың кедейшіліктен көшеге шыққанын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram