{metadescription}
Қуатты жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты

Қуатты жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты

Зілзаладан 11 адам ажал құшып, тағы 122-сі жарақат алды. 

Қытайда бірнеше рет жер сілкінді. Алдымен 6 магнитудалы жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 22.55-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:55) Ибинь қала округінің Чаннин уезінде, 40 минуттан кейін 5,1 магнитудалы жер сілкінісі сол округтің Гун уезінде болды.

​Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі қайталанды. Қытайдың орталық телевидениесі 11 адам қаза тапқанын жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады, зардап шеккендердің саны 122 адамға жеткен.

Зілзала ошағы 17 километр тереңдікте болған. Сычуань провинциясы Қытайдың едәуір сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі саналады, мұнда зілзала жиі болады. Соңғы онжылдықта мұнда 2008 жылы жойқын жер сілкінісі болды, ол кезде қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалғандар 87 мың адамнан асты, 374 мың адам жарақат алған, миллиондаған адам баспанасыз қалды.   

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.