Балық аулауға кеткен адамның мәйіті табылды
Оралда балық аулауға кеткен тұрғынның денесі табылды.
18:33 19.06.2019
Балық аулауға кеткен оралдықтың мәйіті табылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметіне қарағанда, 1961 жылғы азаматтың денесін құтқарушылар бүгін сағат 12.40-та судан шығарды. Марқұм қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзеніне батып кеткен.
Оның денесін шығаруға жедел құтқару жасағынан 5 қызметкер 1 техника, 1 жүзу құралымен қатысты.
Еске сала кетейік, дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінен жасырын камера табылғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!