{metadescription}
Тоқаев қазақстандықтардың несие қарызын кешіру туралы айтты

Тоқаев қазақстандықтардың несие қарызын кешіру туралы айтты

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен азаматтардың берешегін өтеу шаралары жайында сұрады.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, қазіргі кезде осы санатқа жататындардың тізімі жасалып жатыр. Одан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен тиісті мәліметтер алынады.

«Осы аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен деректер базасын салыстыру жұмыстары аяқталады. Келесі аптадан бастап шілденің соңына дейін екінші деңгейлі банктері, микроқаржы ұйымдары мен проблемалық кредиттер қоры арасында алдын ала келісімшартқа қол қойылады. 1 қыркүйекке дейін банктер тапанынан қажетті төлемдер аяқталады. Мемлекеттік несие бюро тізіміне енген азаматтардың 300 мың теңгесі есептен шығарылады», - деді ұлттық банк төрағасы.

Президент бұл жұмысты жіті бақылауда ұстауды тапсырды.

«Бұл акция бір рет қана өткізіледі. Жалғастыра алмаймыз, оған құқығымыз жоқ. Бірақ халыққа жариялағанды сапалы орындауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде