Әйелін қызғанған күйеуі ерегіскеннен бесінші қабаттан секіріп кетті
Қытайда бір жасар сәбиінен әйелін қызғанған ер адам өзіне көңіл аудару үшін бесінші қабаттан секіріп кетті.
12:42 22.07.2019
Бұл оқиға 13 шілдеде Вэньлин қаласындағы, Чжэцзян провинциясында болған. Әйелі күйеуін өзі үйде болмаған кезде сәбиге дұрыс қарамадың деп айыптаған. Оның сөзіне ашуланған ер адам балконнан секіріп кетеді. Алайда, үшінші қабатта қыстырылып қалып, аман қалған. Содан әйеліне қоңырау шалып, суға батып өлетінін жеткізеді.
Әйелі бірден полицияға хабар берген. Олар қытайлықты судан ес-түссіз күйінде тауып, ауруханаға апарады. Ол жерде ер адамға алғашқы көмек жасалып, қазір жағдайы бірқалыпқа келген.
Ер адам журналистермен болған сұхбатта, әйелі соңғы уақытта оған көңіл бөлмей жүргенін айтады. Ал әйелі полицияға ішімдік ішіп отырып, оны айыптағанын айтқан. Сондай-ақ, соңғы кезде күйеуі оны сәбиден қызғанып жүргенін жоққа шығармайды. Желі қолданушылары ер адамның бұл қылығын талқыға салып, оның әке болуға жарамайтынын жазуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!