Демалыс күндері 15 адам суға батып өлді
Қазақстанда өткен демалыс күндері 20-21 шілдеде су айдындарында 15 адам, оның ішінде 2 бала қаза болған.
13:08 22.07.2019
12 адам, оның ішінде 2 бала суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған. Ал екеуі балық аулау кезінде батып кеткен. Ал біреуі гидроциклде сырғанау кезінде суға ағып кеткен.
«Осы демалыс күндері 20-21 шілде аралығында ТЖД бөлімшелері 452 алдын алу тобын құрды. Олар 563 рейд жүргізді, 18 711 жаднама таратты. Бұл ретте 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Демалыс кезінде балалардың су қоймаларына, суару арықтарына және каналдарға жақын болуына ата-аналардың жауапкершілік танытуына ерекше назар аударғымыз келеді», – дейді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Демалыс орындарында су айдынында болған кезде: алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға, суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан әрі жүзуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су қоймаларын ластауға және оларға қоқыс лақтыруға; жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға; жалған дабыл айқайларын беруге; техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге; балаларға ересек адамдарсыз суға кіруге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге ескерту жариялады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!