Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда жігіт көшеде әйелдің мойнынан 183 мың теңгелік алқаны жұлып алған
Өңірдегі полиция департаментінің қызметкерлері әйелдердің алқасын ұрлаған 23 жастағы күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады.
19:34 23.07.2019
Қылмыскер көшеде жалғыз кетіп бара жатқан әйелдерді аңдыған. Олардың мойнынан алқаларды жұлып алып, қашып кеткен. Зардап шеккендер ұрының түрін есте сақтап үлгермеген.
"Ол Гагарин көшесінің бойында орналасқан үйдің ауласында жүріп, жалғыз кетіп бара жатқан әйелді көрген. Әйелдің қасына жүгіріп келіп, 183 мың теңге тұратын алқаны жұлып алған. Келесі күні дәл осындай әдіспен ол қала мектептерінің бірінде басқа әйелдің 150 мың теңгелік алқасын ұрлайды. Жігіт осы тәсілді пайдаланып, жасы ұлғайған алты әйелдің заттарын ұрлаған", — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлер.
Ұры мұндай қадамға ақшадан қиналғандықтан барғанын айтты.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram