{metadescription}
Шымбұлақ, Медеу жолында дала өртеніп жатыр

Шымбұлақ, Медеу жолында дала өртеніп жатыр

Алматыда Медеу ауданында тағы да дала өртеніп жатыр.

Бұл жолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды.

«Горельник лагерінің жанындағы құрғақ ши өртеніп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника өрт сөндіру жасағы, құтқарушылар аттанды», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Еске салайық, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тауып алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.