{metadescription}
Қазақстандық футболшы жол апатынан соң ауыр жағдайда жатыр

Қазақстандық футболшы жол апатынан соң ауыр жағдайда жатыр

«Семей - Озерки» тас жолындағы апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан құрамасының футболшысы Диана Қайдарова да болды.

Жеті адамнан тұратын компания Озерки ауылынан демалыстан қайтып келе жатқан. Бір кезде BMW X5 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кетіпті.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнайтын 19 жастағы Диана Қайдарова апаттан аман қалды. Диана қазір ауыр хәлде емханада жатыр. Бүгін футболшының омыртқасына ота жасалады.

Апат болған жерде төрт бірдей жолаушы тіл тартпай кеткен. Оның ішінде 11 айлық нәресте бар еді. Артынан 22 жастағы Екатерина Чебаева мен 15 жасар Елизавета Старчукова есімді футболшы қыздар да көз жұмды. Ал Диана Кайдарова емханаға ауыр күйде жеткізілген. 

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде