Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп жіберген
Пермьде 70 жастағы зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп тастаған. .
09:21 15.08.2019
13 тамызда Перьм қаласында 28 және 30 жастағы екі альпинист көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында жұмыс істеген. Олардың келгені тұрғындардың біріне ұнамай қалған. Масаңдау зейнеткер жұмысты тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар одан бас тартқан. Бұған қатты ашуланған тұрғын шатырға шығып, кек алу үшін жігіттерді ұстап тұрған арқанды кесіп жібереді.
Жұмысшылардың бірі құлап, бірнеше қабатты ұшып өтіп, сақтандыру арқандарында ілініп қалған. Ал екіншісі шатырға тез көтеріліп, зейнеткерге арқан мен сақтандыру құралдарын соңына дейін кесуге кедергі жасады. Ал кейін әріптесін көтеріп алды.
"Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешіліп жатыр. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram