{metadescription}
Елордада адамдарға тегін балмұздақ лақтырғандар сыңға қалды

Елордада адамдарға тегін балмұздақ лақтырғандар сыңға қалды

Нұр-Сұлтан қаласында балмұздақты тегін тарату акциясы кезінде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастаған.

«Жерұйық» саябағының алдында өткен балаларға балмұздақ үлестіру акциясы жағымсыз жағдаймен аяқталды. Куәгерлер желіде оқиғаның видеосын жариялауда. Видео кадрларынан балмұздақ таратып жатқан шатырға ересектер мен балалардың лап қойғаны байқалады. 

Осылайша, тегін балмұздаққа таласқандар бір-бірін итеріп, қыса бастапты. Желідегі видео авторларының бірінің сөзінше, көпшіліктің мұндай әрекетінен шаршаған ұйымдастырушылар оларға балмұздақты лақтыруға кіріскен. Желі қолданушылары тегін балмұздаққа таласқандарды сынады. "Жабайы аң сияқты" деп жазды олардың бірі.

Дереккөз: Stan.kz 

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.