Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза тапты
Алматы қаласының тұрғыны Александр Чечулин Тянь-Шань тауларындағы Победа шыңына көтерілген кезде қайтыс болды.
10:58 18.08.2019
Бұл туралы Facebook-тегі «Журнал - Ветер странствий» тобында жарияланды. Алматылық альпинист топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Алайда ер адам биікте ауырып қалған. Болжам бойынша, оның өкпесі қабынған көрінеді.
«Альпинистер тобы палатканың діңгегін жоғалтып алды. Сондықтан қар басқан шұңқырдың ішінде палаткаға оранып жатуға тұра келді. Таңертең 16 тамызда Александр оянбады», - делінген Facebook-те.
Ер адам кәсіби түрде альпинизммен айналысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram