Алматы облысында жер сілкінді
18 тамызда таңертең Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245-250 шақырым қашықта екі рет жер сілкінді.
08:21 18.08.2019
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 18 тамызда алматы уақытымен 05 сағат 07 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 12.8. MPV магнитудасы -5.4. Тереңдігі - 5 км.
Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте -4.5 балл, Талдықорған қаласында -2-3 балл, Саты кентінде 2-3 балл.
Бұдан кейін 06 сағат 38 минут 51 секундта тағы жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі – 10 - км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауына қарағанда, саған 7: 00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түспеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары