{metadescription}
Бұқтырмаға көлік батып кетіп, ер адам көз жұмды

Бұқтырмаға көлік батып кетіп, ер адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда сүңгуірлер Бұқтырма өзеніне батып кеткен көлікті жағаға шығарды.

Автокөліктің ішінен адам денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс. ШҚО ТЖД-ның Жедел құтқару жасағы іздестіру жұмыстары барысында жағалауға жақын маңнан «Опель» маркалы автокөлікті тапты. Сондай-ақ көлік ішінде болған ер адамның көз жұмғаны анықталып отыр.     

– Біздің құтқарушылар тобы дереу полиция қызметкерлеріне хабар берді. Жағдайдың жай-жапсарын құзыретті органдар мүмкіндігінше анықтауы керек, – дейді Жедел құтқару жасағы №8 бөлімшесінің басшысы Наурыз Смағұлов.

Иә, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себебі мен мән-жайын жан-жақты қарастыруда. Көлікте қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде