{metadescription}
Бірнеше ер адамға тұрмысқа шығып алған алаяқ әйел іздестірілуде

Бірнеше ер адамға тұрмысқа шығып алған алаяқ әйел іздестірілуде

Жамбыл облысының полиция департаменті бірнеше рет сотты болған Ниязова Айгүл Молдазқызына іздеу жариялады.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлайды.

«Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Кейін туысын жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған», - делінген департаменттің ақпаратында.

Сондай-ақ, полиция департаментіндегілер бұдан басқа да алаяқтығы болуы мүмкін екенін ескертті. Полицейлер әйел жайлы, оның орналасқан жері туралы ақпарат белгілі болса немесе оның іс-әрекеттерінен зардап шексеңіз, Жамбыл облысының полиция департаментіне телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе "102" пультіне.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде