Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап, видеоға түсірген
Шымкенттің мамандандырылған қылмыстық соты 17 жастағы екі бозбалаға қатысты істі қарауды аяқтады.
15:57 19.08.2019
Белгілі болғандай, екі оқушы сыныптас қызды қорқытып, зорлап, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Біраз күн өткен соң зорлықшылар бойжеткенді бопсалап, ауызбастырық үшін ақша, компьютер және ұялы телефон талап етеді.
Екі дос видеоны интернетте жариялаймыз деп қорқыта бастаған. Олардың мұндай әрекетінің салдарынан қыз өзіне қол жұмсамақ болыпты. Абырой болғанда, сол сәтте қыздың анасы үйге оралып, аман алып қалған.
Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі жігітке үкім шықты. Екі айыпталушы да зорлау және бопсалау бойынша кінәлі деп танылды. Алайда, сот кәмелет жасына толмағандықтарына байланысты оларды бас бостандығынан бес жылға айырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Серіктестер жаңалықтары