{metadescription}
Елбасы ЖОО-дағы жемқорлықты айтты

Елбасы ЖОО-дағы жемқорлықты айтты

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ЖОО-ларда жемқорлықты жою үшін қауіпсіздік кеңесін тартпақ. 

«Көптеген ЖОО-да экзаменді ақша үшін тапсыратынын білеміз. Университетке түсу кезінде мұндай бұлатын. Бірақ қазір қарапайым сессияларда бағаны сатып алып отыр. Студенттерден жатақханаға орын алатын кезде, өмірлеріне қатысты қанда йда бір қиындықтарды шешетін кезде пара сұрайды. Бұл өз кезегінде жастар тарапынан наразылықтың туындауына себепші болады. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қауіпсіздік кеңесіне осы мәселені жіті қолға алып, талқылауды тапсырамын. Нәтижесіне орай белгілі бір шешімдер қабылданатын болады», - деді Елбасы «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы кезінде. 

Әрі қарай ол жастарды жемқорлықпен бірге күрес жүргізуге шақырды. Осы орайда ол басқаларға Назарбаев университетінің үлгі болатынын айтты. 

«Біреу ол жақта сынақ пен экзамен үшін ақша беріп көрсін. Олар мұның не екенін білмейді. 10 мың қазақстандық батыстың ең үздік университеттерінде білім алды. Ол жақта кімнің кімге пара бергенін солар айтсын. Оларда мұндай нәрсе мүлдем жоқ. Бізде неге әлі күнге дейін етек жайып отырғанын түсіне алмаймын. Айтыңыздаршы, өтініш. Ұл оқуға түскен кезде ата-анасының онымен бірге университетке соғым жібергені есімізде. Әр ай сайын жіберіп отырдық. Біз сонымен кетіп барамыз. Ректорлармен жұмыс істеу қажет. 10 жылға дейін отыратын ректорлар бар», - деді мемлекеттің бірінші басшысы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде