{metadescription}
Жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдау оқиғасының қалай болғаны белгілі болды

Жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдау оқиғасының қалай болғаны белгілі болды

Оқиға жайлы жедел медициналық көмек меңгерушісі Смаилова Күнзипа айтып берді. 

2019 жылғы 21 тамызда сағат 03.15-те жедел көмек кезекші бригадасы шақыртудан келе жатып, станцияға жақындап қалған кезде, оларды екі адам тоқтатып, жаралы ер адам жатқанын, оған медициналық көмек қажет екенін айтады. Бригада көрсетілген жерге барады.

Ер адам жүргінші  бөлікте жатты, есін біліп атты. Сырттан қараған кезде басында жара бар, жоғарғы ерні жыртылған, бет-ауызы қан-қан болды. Қасында оның жолдасы тұрды. Екеуі де мас.

"Фельдшерлер алғашқы көмек көрсете бастады. Сонымен қатар болған жағдай туралы 102 және 103 пультіне хабарланды. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету барысында ол балағатай бастады: "Сендер кімсіңдер?" деп айғайлады. Жат қылық, агрессивті мінез көрсетті.Тыныштандырмақ болған әрекет сәтсіз болды. Оған қажетті медициналық көмекті көрсете алмадық. Ер адам орнынан атып тұрып, Жедел жәрдем каретасын жұдырығымен ұрғылап, машинаны тебе бастады. Жүргізуші ескерту жасап, оны тыныштандырмақ болғанда, ол оған қарсы ұмтылып, елеусіз дене жарақаттарын салды", - делінген ақпаратта.

Сол уақытта мас ер адам машинаның ішіне кіріп, мәселені шешпек болды, бұзақыны машинадан сол кезде келіп жеткен полиция қызметкерлері алып шықты. Қолына кісен салды, фельдшерлер сол кезде ғана оған толықтай медициналық көмек көрсете алды. Жарасын өңдеп, таңып берді. осы уақытта бұзақының досы жай ғана бір орнында  бақылап тұрды.

Болған жағдайдан кейін ер адам мен жедел жәрдем бригадасын полицей учаскесіне алып келді. Жедел жәрдем жүргізушісі өтініш, ал фельдшер түсініктеме жазды. Полицей учаскесінде олар шамамен 3 сағат болды.

Еске сала кетейік, Елордада ер адам жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде