{metadescription}
Танымал шетелдік актер Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Танымал шетелдік актер Абайдың өлеңін жатқа оқыды

«Такси» фильміндегі ролімен әлемге танымал болған француз актері Сами Насери Абайдың өлеңін өз тілінде оқып берді.

Ұлы ақынның өлеңін француз актеры оқыған видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Насери Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Франциядағы Қазақстан елшісі Мұрагер Сауранбаевтан алған.

«Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Сами Насери. Мен француз актерімін», – деді актер.

Осыдан кейін актер «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты Абай өлеңін француз тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде