Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда дәріханаларды тексерген зерттеушілерді дәрі-дәрмек бағасы таңғалдырды
«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» Алматыдағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тексерді. Тексеріс нәтижесі зерттеушілерді таңғалдырды.
11:06 12.09.2019
Тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысатын ұйым мамандары қаладағы ең ірі әрі танымал дәріханалардағы көп сұранысқа ие дәрілердің бағасын салыстырды. Зерттеушілер өзін әлеуметтік деп көрсететін дәріханаларда өзгелеріне қарағанда баға қымбаттау екеніне таңғалды. Сонымен қатар қалада дәрі-дәрмектің орташа бағасы айтарлықтай жоғары екені анықталды. Мысалы, «Цитрамонның» бағасы 300 теңгеден басталып, 600-700 теңгеге дейін жетеді.
«Қаланың орталығындағы дәстүрлі түрде қымбат саналатын, қызмет көрсетуге баса назар аударылған дәріханаларда дәрі бағасы ең арзан болып шықты. Сонымен қатар сатылатын дәрі-дәрмектің сапасы да сауал туындатады. Мысалы, лидокаинді сатып алуда, оның 5 үлгісінің үшеуі елімізде тіркелмеген болып шықты. Яғни олардың құрамы мен сапасын тексеруге келмейді», - дейді ұйымның президенті Светлана Романовская.
«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» өкілдері қала тұрғындарының азық-түлік тауарларына қарағанда, дәрі-дәрмекке жиі шағымданатынын айтады. Зерттеу нәтижелері ашық көрсетіліп, тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram