Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Апат 15 қықркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні Ескелді ауданында болды.
19:32 16.09.2019
Алматы-Текелі тас жолының 26 шақымырында «Ауди-100» маркалы екі көлік соқтығысқан. Оқиға орнында 6 адам қайтыс болды, тағы үшеуі Текелі қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
«Дәрігерлердің алғашқы көмегіне қарамастан бір адам ауруханада көз жұмды. Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, Шымкентте жолаушылар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 13 адам зардап шеккен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!