{metadescription}
Павлодар облысында екі бала балконда қамалып қалды

Павлодар облысында екі бала балконда қамалып қалды

Павлодар облысында бірі балконда, бірі пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Ақсу қаласындағы үйдің төртінші қабатында 8 жасар бала балконда қамалып қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Кеше, сағат 13.35-те кезекшілік бөлімге есіктің жабылып қалғаны туралы хабарлама түсті. Бала балконға шығып, далада не болып жатқанын көргісі келген. Алайда есік жабылып қалған. Сол сәтте үйге кіре алмаған анасы «101» нөміріне қоңырау шалған», - деді департаменттен.

Өрт сөндірушілер автосаты арқылы балконға көтеріліп, есікті ашқан. Сондай-ақ сағат 14.50-те дүкенге шығып кеткен әйел үйге қайтып келгенде есікті аша алмай қалғанын айтып, хабарласқан. Пәтерде алты жастағы бала жалғыз қалған.

«Дөнентаев көшесі, 32-үйге көмекке учаскелік инспектор мен жедел құтқару жасағынан екі адам, бір техника жұмылдырылып, арнайы құрал арқылы есікті ашты», - делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде