{metadescription}
Алматы облысында полиция бастығы желідегі аудиожазба үшін қызметінен кетті

Алматы облысында полиция бастығы желідегі аудиожазба үшін қызметінен кетті

Алматы облысында жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Құштыбаев қызметінен уақытша шеттетілді.

Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев қызметтік тергеу жұмыстарынан кейін лауазымынан кетті. YouTube-те жарияланған аудиожазбада Марат Құштыбаевтың фотосы қойылып, ер адам боқтық сөздер араластырып бағыныштылардың жұмысы туралы айтады.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы уақытша қызметінен босатылды. Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу амалдарын жүргізу тапсырылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Марат Күштібаев 1967 жылы туған. 2002 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірді. Ішкі істер органдарында 30 жылдай жұмыс істеген. Құштыбаев 2016 жылдан бері облыстың жергілікті полициясының бастығы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.