Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде төрт көлік соқтығысты
Кеше Назарбаев даңғылында төрт көлік соқтығысты.
15:32 21.09.2019
Жол апаты Металлургтер мәдение үйінің ауданында болған, деп хабарлайды Алтайньюс. "Nissan" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Гагарин бульварына қарай бағытта келе жатып, алдындағы "Toyota" көлігімен соқтығысады. Автомобиль соққыдан алдындағы тағы екі көлікті зақымдаған.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шекпеген. Ал Nissan автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram