Арыс маңында жарылыстан 10 әскери қызметкер зардап шекті
Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды.
18:12 21.09.2019
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"21 қыркүйекте жоспарланған жару жұмыстары кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кетті. Оқыс оқиға салдарынан контракт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 10 арнайы даярланған саперге жарқыншақ тиіп жараланды", - делінген хабарламада.
Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!