{metadescription}
ММА балуаны жекпе-жектен кейін көз жұмды

ММА балуаны жекпе-жектен кейін көз жұмды

Өзбекстанда ММА балуаны Бекзод Нұрматов Грозныйда өткен жекпе-жектен үш күннен соң көз жұмды.

Absolute Championship Akhmat (ACA) 100 жарысы 4 қазанда Шешенстан астанасында өткен. Ресейлік Беслан Исаевпен жекпе-жек өткізген. Absolute Championship Akhmat 100 турнирінде Бекзод қарсыласынан ұпайдан жеңілген.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Бекзод Нұрматов жекпе-жек соңында соққы алып, содан оның қабағы жарылған. Жекпе-жектен соң ол инсульт алған. Комаға түскен атлет үш күннен соң ауруханада көз жұмды.

Нұрматов 27 жаста еді. 13 жекпе-жек өткізіп, 11 мәрте жеңіске жеткен. Ол осы уақыт ішінде әлем чемпионы атанып, қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогын иеленіп үлгерген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде