{metadescription}
Түркістан облысында жанармай бекетін 40 секундта тонап кетті

Түркістан облысында жанармай бекетін 40 секундта тонап кетті

Түркістан облысында екі адам жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған.

"Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Сайрам ауданындағы полиция бөліміне таңғы 5:45 шамасында жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түседі. Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері мен Сайрам аудандық тәртіп сақшылары бірден бағыт алып, оқиға орын алған жерге аттанады. Полицейлер аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді", - делінген хабарламада. 

Сол сәтте аталған орында жанармай бекетінің 3 қызметкері болған. Осылайша күдіктілердің бірі оператордың бетіне газ баллонды шашып, күзетшіге мылтық кезеп, кассир қызды қорқытып кассадағы 166 мың теңгені жымқырып кеткен. Ақшаны қолға оңай түсірген күдіктілер бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге бой тасалап үлгерген. 

"Күдіктілер 40 секунд ішінде жанармай құю бекетін тонап кеткен. Олар өте жылдам әрекеттенген. Бұл қылмыс алдын ала ойластырылған. Үш адам да жергілікті, оның біреуі бұрын сотты болған. Тергеу әрекеттері жалғаса береді", - деді Түркістан облысы криминалды полиция басқармасының басшысы Құрманбек Сахов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде